KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
448.15 483.46 4.86

«Валют-Транзит Банк» депозиттері бойынша төлемдер жалғасады

8.09.2015, 18:00 100



2015 жылғы 10 тамыздан бастап «Банк ЦентрКредит» АҚ бөлімшелері Сіздердің «Валют-Транзит Банк» АҚ-тағы депозиттеріңіз бойынша қосымша өтем алуға өтініштеріңізді қабылдауды бастады. Осы уақыт аралығында 2,5 мыңнан астам салымшы ақшасын алу үшін хабарласты.

Осы орайда, депозиттер бойынша төлемдердің жалғасып жатқанын «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларының естеріне саламыз. Депозит бойынша (ол бойынша есептелген сыйақыны қоспағанда) 5 миллион теңгеге дейін қалдықты алу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың бөлімшесіне бару қажет. Бөлімшелердің тізімімен www.kdif.kz сайтында немесе Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының шұғыл желі нөмірі 8 800 080 10 20 арқылы таныса аласыз.

«Банк ЦентрКредит» АҚ бөлімшесінде келесі құжаттарды көрсету қажет:

- жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;
- мұрагерлер үшін - мұрағат құқығын растайтын құжаттар;
- өкілдер үшін - нотариуспен расталған сенімхат;
- Сіздің талап құқығыңызды растайтын өзге де құжаттар, жағдайға байланысты.

Өтем «Банк ЦентрКредит» АҚ-на барлық растайтын құжаттарды өткізгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей төленетін болады.

Депозит қалдығы туралы ақпаратты білу үшін Валют-Транзит Банк салымшылары келесі мекен-жай бойынша тарату комиссиясына хабарласа алады: Қарағанды қ. тарату комиссиясының бас кеңсесі, индекс 10000, Бұхар Жырау даңғылы, 51/1, тел. 8(7212) 996405.

Толығырақ ақпаратты ҚДКБҚ-ның шұғыл желі нөмірі арқылы 8 800 080 10 20 (Қазақстан бойынша қалалық нөмірлерден тегін) немесе агент банктің бөлімшелерінен алуға болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив