KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2,2 м/с, З
444.32 473.33 4.76

«Заң аясында жұмыс істеулеріңізді талап етемін», – ШҚО әкімі

26.08.2015, 18:00 84



ШҚО әкімі Даниал Ахметов әкімдіктің кезекті отырысы барысында басқарма басшыларына және аудан әкімдеріне құрылыс объектілерін уақытылы аяқтамаған мердігер компаниялармен заң аясында жұмыс істеп, істі қолға алуларын сұрады, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Мәди Отарбаевтың айтуы бойынша, жыл соңына дейін 39 құрылыс нысаны тапсырылса, 13 нысанның берілу мерзімі келесі жылға көшірілген. Сонымен қатар, 8 мектеп мекемесінің тапсырылу мерзімі кешіктіріледі.

– Құрылыс нысанын уақытылы тапсырмаған мердігерлермен заң аясында сөйлесіп, құзырлы органдарға шағымданыңыздар. Қазіргі жағдайда барлық жұмысқа кәсіби қарап, нәтиже алу қажет, – деді Даниал Ахметов.

ШҚО Ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив