Өскемен
+9°
облачно с прояснениями ветер 2 м/с, С
457.29 490.35 5.97

Көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі Ұлан ауданында

17.05.2015, 18:00 20 0



Қасым Қайсенов кентінде жуықта тағы бір қолжетімді баспана пайдалануға берілмек. Зәки Ахметов көшесінде орналасқан №16 көппәтерлі тұрғын үйдің А және Б корпустарының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталмыш құрылыс «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Халықтың баспанаға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламаның арқасында кентте бұған дейін де бірнеше ғимарат пайдалануға берілген болатын.

Бүгінгі таңда осы бағдарламаға қатысушылар “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-мен келісім-шарт жасасуда. Тұрғындарды осы айдың аяғына дейін жаңа баспаналарына қоныстандыру жоспарланған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив