KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 2,6 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

ҰОС оралмаған 7199 майдангерге арналып шырақ жағылды

8.05.2015, 18:00 198



Өскемен қаласындағы «Даңқ» мемориалында Ұлы Отан соғысы жылдары майдан даласынан оралмаған 7199 майдангерге арналып шырақ жағылды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Бірі атасын, бірі әкесін еске ала шырақ жағуға келген Өскемен тұрғындары «Даңқ» мемориалына отбасыларымен жиналды. Соғыс жылдарынан сыр шертетін қойылыммен басталған шарада күн батқанға дейін мыңдаған өскемендік майдангер бабаларына арнап 7199 шырақ жақты.

Айта кету керек, 9 мамырда Жеңіс күнін тойлау осы «Даңқ» мемориалынан басталмақ. Осы жерде соғыс жылдарындағы әскери техникалардың шеруі өткізіледі.

Жалпы алғанда, Ұлы Отан соғысы жылдары Шығыс Қазақстаннан майдан даласына 170 мың адам аттанып, оның 96 мыңы оралмаған. 109 ардагер Кеңес одағының батыры атағына ие болса, 22 шығысқазақстандық ең жоғарғы сарбаз наградасы - Құрмет орденінің толық Кавалері атағына ие болған. Сондай-ақ, облыстың 9 мың тыл ардагері «Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медальдарімен марапатталған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив