KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

«Абай - әлем тілдерінде» атты достықты паш еткен көрме ашылды

27.04.2015, 18:00 112



Семей қаласындағы Абайдың мемлекеттік-қорық мұражайында Ұлы ақынның 170 жылдығына, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай 24 сәуірде «Абай - әлем тілдерінде» атты көрме ашылды.

«Ең басты мақсат – Абай әлемінің бар құдіретін, болмыс-құпиясын төтркүл дүниеге барынша мол таныту. Абайды жете таныту арқылы туған халқымыздың мәдени келбетін, қадыр-қасиетін, шыққан биігін, рухани жетістіктерін әлемге әйгілеу», - деп Елбасы Н.Назарбаев айтқандай көрмеде Абай мұрасын жан-жақты танытуға баса назар аударылды.

Мұражай қорында жинақталған 32 тілге аударылған Абай шығармаларының бірегей жинақтары, қолжазбалары, тақырыпқа байланысты тарихи фотосуреттер, шетел елшілерінің алғыс-тілектері, пікірлері, аудармашылар туралы мәліметтер, аудармашылардың хаттары алғаш рет көрмеге шығарылды.

«Абай - әлем тілдерінде» атты достықты паш еткен көрме ашылды

Көрменің ашылу салтанатында директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева сөз сөйлеп, «Достық үйінің» директоры А.Тлеубаев және ардагер Х.Матаев тұсауын кесті.

Семейдің Абай атындағы қазақ драма театрының актері А.Әшімбаев ақын образында өлеңмен шашу шашты. Абай мұражайының ғылыми қызметкерлері М.Мұхамедова, С.Мұқатаева, Р.Елекенова қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көрме бойынша экскурсия жүргізді.

Көрмеге қаланың әр ұлт өкілдері, ардагерлер, жоғары оқу орындарында шет елден келіп білім алып жатқан студенттер, мектеп оқушылары, колледж студенттері, зиялы қауым қатысты.

Ұйымдастырушылар «Абай - әлем тілдерінде» атты көрмені тамашалауға шықырамыз!

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив