KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Қазақстандық саясаттанушылар халықтың сайлауға қатысу белсенділігін атап өттi

25.04.2015, 18:00 344



Ерлан Саиров, саясаттанушы:
-​ Бүгінгі сайлауда дауыс беруде электорат ерекше белсенділік танытты. Дауыс берушілердің бүгінгідей көптігі бұрынғы сайлауларда болмаған оқиға. Бұл сайлау сонысымен де ерекшеленді.

Алуа Жолдыбалина, саясаттанушы:
-​ Бұл Президенттік сайлауда азаматтар таңдау құқығын терең сезінгенін көрсетті. Сайлау тарихында осы саяси науқан дауыс берушілердің көптігімен қалады.

Жарқын Түсіпбекұлы, саясаттанушы:
-​ Бұл саяси науқан бұрынғы сайлаулармен салыстырғанда тиянақты ұйымдастырылуымен ерекшеленді. Сайлау учаскелеріне халықтың көптігінен қоғамның саяси мәдениеті жоғарылағанын бағамдауға болады.

Қанат Әуесбай, журналист:
- Біздің қоғамда дауыс беруге қатысқан жас та, жасамыс та жаппай сайлауға баруды азаматтық парыз санайды екен. Ел халқы ерекше ұйымшылдық танытты. Сондықтан, дауыс берушілер санының рекордтық көрсеткішке ие болғанын бас айта кеткен жөн.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив