KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Г.Насимова: Президент сайлауы азаматтардың белсенділігін айқын көрсетуде

25.04.2015, 18:00 146



Еліміздегі кезектен тыс Президент сайлауы азаматтардың белсенділігін айқын көрсетуде. Бұл пікірді әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-дың саясаттану кафедрасының меңгерушісі, саясаттану ғылымының докторы Гүнәр Насимова айтты.

«Биылғы президент сайлауы өте жоғары қарқынмен өтуде. Азаматтардың елдегі саяси оқиғаларға белсенділігі анық байқалып отыр. Бұл Орталық сайлау комиссиясы мен үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихаттарының ұйымдастыру деңгейінің жоғары болуымен байланысты. Олардың сайлаушыларға әсері анық байқалады. БАҚ өкілдері тарапынан да атқарылған жұмыстардың сапалы болғаны анық. Бүгінгі сайлау қазақстандықтардың саяси көңіл-күйінің анықтап ғана қоймай, мемлекеттің алдағы дамуына өзінің оң әсерін тигізеді. Дәл бүгін әрбір сайлаушы өз дауысын жауапкершілікпен беріп, азаматтықтарын танытуда», - дейді Г.Насимова.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив