KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Бұл жолғы сайлау ұйымдастырылуымен тарихта қалады - Қ.Әуесбай

25.04.2015, 18:00 230



"Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысының медиа-директоры, танымал тележурналист Қанат Әуесбайдың айтуынша, биылғы Президенттік сайлау ел тарихында сайлаушылары ең көп қатысқан саяси науқан ретінде қалады, деп хабарлайды Baq.kz.

- Осы жолғы саяси науқан сайлаушылар ең көп келген, ұйымдастырылуы жоғары деңгейде өткен сайлау ретінде тарихта қалады деп ойлаймын. Таңертеңнен бері байқағаным, сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруге асыққан халық өте көп. Сол арқылы халық өзінің азаматтық белсенділігін көрсетті. Ал бұл жәйт елдегі саяси мәдениеттің артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл жерде орталық сайлау комиссиясының да сайлаушыларды учаскелеріне шақыру жұмысын жоғары деңгейде атқарғаны айқын көрініп тұр, - дейді Қанат Әуесбай.

Айта кетейік, бүгін таңғы 7.00-ден бастап Қазақстанның барлық аумағында ҚР Президентін сайлау науқаны басталды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сағат таңғы 10.00-ге дейін дауыс берушілердің 20 пайызға жуығы өз таңдауларын жасаған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив