KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
448.89 477.93 4.76

Шығыс Қазақстан облысы: Ынтымақ пен жасампаздық дәуірі!

26.03.2015, 18:00 265




Шығыс Қазақстан облысы: Ынтымақ пен жасампаздық дәуірі!

Шығыс Қазақстан облысы: Ынтымақ пен жасампаздық дәуірі!

Шығыс Қазақстан облысы: Ынтымақ пен жасампаздық дәуірі!

Шығыс Қазақстан облысы: Ынтымақ пен жасампаздық дәуірі!

Шығыс Қазақстан облысы: Ынтымақ пен жасампаздық дәуірі!

Шығыс Қазақстан облысы: Ынтымақ пен жасампаздық дәуірі!

Шығыс Қазақстан облысы: Ынтымақ пен жасампаздық дәуірі!

Шығыс Қазақстан облысы: Ынтымақ пен жасампаздық дәуірі!

Шығыс Қазақстан облысы: Ынтымақ пен жасампаздық дәуірі!

Шығыс Қазақстан облысы: Ынтымақ пен жасампаздық дәуірі!

Шығыс Қазақстан облысы: Ынтымақ пен жасампаздық дәуірі!

Тәуелсіздік жылдары ішінде дамыған экономикасы, халықаралық қауымдастықтағы беделді ұстанымы бар табысты, әлеуметтік бағдарлы мемлекет құрылды.

Қазақстан әлем мемлекеттері ішінде алғашқылардың бірі болып өз еркімен ядролық қарудан бас тартты және өз аумағындағы қаһарлы Семей ядролық полигонын жапты.

Қазақстан посткеңестік елдердің ішінде алғашқы болып шекарасын делимитациялады және демаркациялады, мұны әлем мемлекеттерінің көпшілігі әлі күнге дейін іске асыра алмай келеді!

Қоғамдық тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Барлық этностар мен діндердің өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде!

Қазақстан шетел инвестициясын тарту жөнінен ТМД мен Шығыс Еуропа елдері ішінде көшбасшы мемлекетке айналды. Әлеуметтік және зейнетақы салаларында айтарлықтай реформалар жүзеге асырылды.

Тәуелсіздік жылдары ішінде елорданы Астанаға көшіру іске асырылды, оның құрылысы барша Қазақстандағы экономикалық өсімді үдетуші күшке, Қазақстанның өркендеу символына айналды!

Қазақстанның сыртқы саясаты мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің халықаралық кепілдеріне қол жеткізуге бағытталған. 120-дан астам ел Қазақстанды ресми түрде танып, дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты. Қазақстан БҰҰ-ның толық құқықты және белсенді мүшесі болып табылады, сонымен қатар, барынша ықпалды халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтып келеді.

Тәуелсіздік жылдарында қазақстандық жолдың базалық құндылықтары құрылды, олар - бостандық, бірлік, тұрақтылық және гүлдену.

Өмір сүру жасының ұзақтығы 67,5-тен 70,5-ке дейін артты

Денсаулық сақтау саласындағы ең көрнекті индикаторлардың бірі орташа өмір жасының көрсеткіші болып табылады. Соңғы 25 жылдың ішінде Қазақстанда бұл көрсеткіш үш бірлікке артып отыр. Әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алуға бағытталған заманауи бағдарламалар мен жоғары мамандандырылған дәрігерлік көмекті енгізудің нәтижесінде қазақстандықтардың өмір жасын ұзартып қана қоймай, оның сапасын жақсартуға да қол жеткізілді.

100-ден астам денсаулық сақтау нысаны бой көтерді

25 жыл ішінде Шығыс Қазақстан облысында 100-ден астам денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Оның ішінде 14 аурухана, 4 медициналық бекет, 13 стоматологиялық клиника бар. Өңірдегі маңызы зор екінші қала - Семейде медициналық кластер құрылды. Қазақстанда ширек ғасыр уақытта қосымша 951 денсаулық сақтау мекемесі салынды.

Бала өлімінің көрсеткіші 2 еседен астам төмендеді

Әр елдегі бала өлімінің деңгейі медицинаның жеткен дәрежесін көрсетеді. Жеті жыл бұрын Қазақстанда тірі туылған нәрестелердің халықаралық талаптары енгізілгенде, елімізде уақыты жетпей шетінеп кеткен шараналардың көрсеткіші бірден өскен болатын. Облыста 500 грамм салмақпен туған нәрестелердің өмірін сақтап қалу үшін қажетті медициналық құрал-жабдықтар алынып, неонатолог мамандар шақырылды. 1000 тірі туған нәрестенің өлім көрсеткіші 1991 жылмен салыстырғанда республика бойынша 25,3-тен 10,8-ге дейін төмендеді. Ал ана өлімінің көрсеткіші 100 мың анаға шаққанда 67,2-ден 12,6-ға дейін азайып отыр. Облыста жоғары медициналық стандарттарға сай жабдықталған балалардың ауруларын бірлесе жүргізудің (БАБЖ) екі орталығы ашылды. Сонымен қатар тиімді перинаталды күтімнің (ТПК) екі орталығы жұмыс істейді. Тек қана 2014 жылы 181 млн. теңгеге 57 медициналық құралдар сатып алынды, неонаталды медицина дамып келеді.

Денсаулық сақтау мекемелерінің саны 4 есеге артты

Қазіргі уақытта облыста амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін 700 ұйым, 92 стационар, төрт жедел дәрігерлік жәрдем мен санитарлық авиация ауруханасы, апаттар медицинасының ауруханасы, дәрігерлік оңалту мен қалпына келтірудің жеті мекемесі, паллиативті көмек пен медбикелердің күтімін қамтамасыз ететін, қан қызметін көрсететін үш денсаулық мекемесі жұмыс істейді. Өңірде барлығы 186 денсаулық сақтау мекемесі тіркелген. Олардың 97-сі мемлекеттік, 89-ы жекеменшік болып табылады. Мемлекеттік тапсырысқа 150 ұйым тартылса, олардың 35 пайызы жекеменшік үлесінде.

Облыста алты трассалық дәрігерлік-құтқару бекеті жабдықталған

Бекет қызметкерлерінің шұғыл іс-әрекеттерінің нәтижесінде жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетіледі. Олар ашылғалы бері 719 рет шақыртуға барып, зардап шеккен екі мыңнан астам адамға көмек көрсетті.

279 мыңнан астам шығысқазақстандық амбулаториялық деңгейде дәрідәрмекпен қамтамасыз етіліп отыр

Елімізде науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің амбулаториялық және стационарлық екі бағыты енгізілген. Амбулаториялық деңгейде әлеуметтік маңызы жоғары 45 дерт түрлері бойынша тегін дәрі-дәрмек беріледі. Олардың ішінде онкологиялық аурулар, қант диабеті, қан қысымының жоғарылауы сияқты дерттер бар.

Дәрігерлердің 20 пайызы жыл сайын қайта даярлаудан өтіп, өз біліктілігін арттырады

Жыл сайын облыстық денсаулық сақтау басқармасы жергілікті дәрігерлердің шетел клиникаларында біліктіліктерін арттыру мақсатына ондаған миллион теңге қаражат бөледі. Шығысқазақстандық дәрігерлер Израиль, Оңтүстік Корея, Германия, Беларусь, Түркия, Молдова, Литва, Швейцария, Грузия елдерінің клиникаларымен тығыз байланыс орнатқан.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив