KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 4 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Қар тазалауға 147 техника жұмылдырылды

15.01.2015, 18:00 133



Өскемен қаласының көшелерін жауған қардан тазарту үшін бүгінде 147 техника жұмылдырылған. Оның жүзден астамы қар қалың түскен күндері екі ауысыммен тоқтаусыз жұмыс істейді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Жолға құм себу күніне екі мәрте жүргізіледі, яғни, таңғы сағат төртте және түскі уақытта. Сондай-ақ, түн әлетінде жолдарды тегістеуге төрт грейдер шығарылған. Олар көлік кептелісін туындатпау үшін түнде жұмыс істейді. Барлық автобус аялдамалары ашық. Жаяу жүргіншілердің жолындағы және аялдамалардағы қарды біздің мекеменің жұмысшылары қол күрекпен тазалауда, - дейді «Өскемен тәртіп» коммуналдық мекемесінің директоры Денис Федченко.

Маманның айтуынша, жауапты мекеменің иелігіндегі техникалардың сақадай-сай болуы, жанар-жағармай қорының жеткілікті жиналуы биылғы қыс маусымында қар тазалау жұмыстарын тоқтаусыз жүргізуге мүмкіндік бермек.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив