KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 6 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Ауруханалар жаңартылатын болды

13.01.2015, 18:00 190



Биыл Өскемен қаласында бірқатар медициналық мекемеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бірінші кезекте бұл №2 қалалық ауруханаға (бұрынғы медициналық жедел жәрдем ауруханасы) қатысты болмақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталған аурухананың хирургия корпусын күрделі жөндеу үшін бюджетте 130 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылған. Ал медицина мекемесін толық қалпына келтіру үшін шамамен 400 миллион теңгедей ақша қажет. Сол себепті құрылыс жұмыстары қаржылық мүмкіндіктерге қарай келесі жылға дейін созылады деп отыр мамандар. Күрделі жөндеу барысына кедергі келтірмеу мақсатында хирургиялық бөлімше қаладағы басқа ауруханаларға уақытша ауыстырылатын болады.

- Жалпы, №2 қалалық аурухана ғимараты түбегейлі жаңартуды қажет етеді. Өйткені, қазіргі қолданыстағы озық үлгідегі медициналық құралжабдықтарға заманауи, барлық стандарттарға сай келетін ғимарат болуы керек. Ал қабырғасы қаланғанына алпыс жылға таяп қалған аталмыш мекеме өте ескі, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сергей Попов.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив