KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 10 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Оқушылардың ғылыми жобалары қалай бағаланады?

13.01.2015, 18:00 228



Өскемен қаласында өңірлік ғылыми-тәжірибелік «Дарын» орталығы «Түрлі деңгейдегі ғылыми жобалар конкурстарына оқушыларды дайындау жөніндегі ұсыныстар» тақырыбында өткізген облыстық оn-line оқыту семинарында осы мәселе жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған сабаққа мұғалімдермен қоса жалпы білім беретін мектептерде зерттеу жұмыстарымен шұғылданып жүрген дарынды оқушылар да қатысты.

«Дарын» орталығы осы семинар үшін «Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсына оқушылар дайындауға ғылыми-әдістемелік ұсыныстарын» арнайы жарыққа шығарған болатын.

Интерактивті режимде өткен семинарда облысымыздағы жоғары оқу орындарының ғалымдары өз ойларымен бөлісті. Олар ғылыми жобалар жазу кезінде жиі кездесетін қателіктерді көрсетіп, таңдауға түскен тақырыптардың өзектілігін анықтау жөнінде кеңестер берді.

Түрлі деңгейдегі ғылыми жобалар конкурсының жүлдегерлері семинар барысында өздерінің ғылыми жұмыстарын қорғады.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив