KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
446.78 481.81 4.84

«Нұр Отан» партиясының ШҚОФ төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

4.01.2015, 18:00 217



«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының келісімімен «Нұр Отан» партиясының ШҚОФ төрағасының бірінші орынбасары болып Нұрлыбек Шерубаев тағайындалды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Нұрлыбек Шерубаев Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын зооинженер, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану, Халықаралық бизнес университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Таврия ауданынан бастаған. Әр жылдары «Асар» республикалық партиясы қоғамдық бірлестігі ШҚОФ хатшысы, Аягөз, Глубокое аудандарының әкімі, ШҚО әкімінің бас инспекторы, сондай-ақ, Өскемен әкімі аппаратының, облыс әкімі аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарған.

Жаңа тағайындау алдында Н. Шерубаев облыс әкімінің орынбасары қызметінде болған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив