Өскемен
+34°
переменная облачность ветер 2 м/с, Ю
444.85 477.19 5.42

Браконьерлерге қатысты жаза күшейді

25.12.2014, 18:00 139 0



Қазақстанда браконьерлерге қатысты жаза күшейтіледі. Келер жылдан бастап күшіне енетін жаңартылған Қылмыстық кодекс бойынша мұндай әрекетке барған адамдар енді абақтыға қамалады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталған кодекстің 337-бабына сәйкес, жарылғыш құрылғыларды, көліктер мен мототехникаларды, сондай-ақ, моторлы шаналарды қолдану арқылы заңсыз аңшылық құрғандар бір жылға дейін белгілі бір қызметті атқару құқығынан айырылумен қатар, 75 тәулікке дейін түрмеге жабылады.

Қорғауға алынған мемлекеттік қорықтардың аумағында сирек кездесетін жануарларды аулау немесе өзінің қызметін пайдалану арқылы браконьерлікке бару бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.

Ал енді топтасып жүріп, яғни, бірнеше адам бірігіп алып, рұқсатсыз аң аулайтын болса, олардың жазасы тіпті қатаң - үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




139
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив