KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қол күресінен облыстық чемпионат өтті

23.12.2014, 18:00 218



Семей қаласының медицина университетінде даңқты қолбасшы Қаракерей Қабанбай батырды еске алуға арналған қол күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы облыстың жекелей командалық чемпионаты өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Чемпионатқа өңіріміздің елді мекендерінен келген 150-ге жуық спортшы қатысты. Жарыстың мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау және Павлодар облысының Ақсу қаласында өтетін қол күресінен республикалық чемпионатқа баратын саңлақтарды іріктеу.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте І орынды Өскемен, ІІ орынды Семей қаласы иеленсе, ІІІ орынды Ұлан ауданы жеңіп алды. Абсолюттік салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ерлер командалары ішінде І орын Тарбағатай ауданына, ІІ орын Семей қаласына, ІІІ орын Ұлан ауданына бұйырса, әйелдер арасында І орын Өскемен қаласына, ІІ орын Зайсан ауданына, ІІІ орын Ұлан ауданына бұйырды.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив