KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Шекара бұзушылар ұсталды

23.11.2014, 18:00 177



Мемлекеттік шекара аумағында орналасқан «Тоқта, өтуге тиым салынады! Мемлекеттік шекара!» деген ескертпе жазуға қарамастан мемлекеттік шекара режимін бұзу фактілері әлі күнге дейін тіркелуде.

Өскемен шекара жасағына қарасты «Ақсақал» шекара заставасының шекара наряды мемлекеттік шекара режимін бұзушыларды тағы да құрықтады. Мемлекеттік шекара бұзу фактісі 2014 жылдың 4 қазанында Мещанка және Байтанат елді мекендері арасындағы 33 шекара аумағында орын алды.

Мемлекеттік шекара режимін бұзған Қазақстан Республикасының екі азаматы және Ресей Федерациясының бір азаматы мемлекеттік шекара бойында орналасқан ескерту белгілеріне қарамастан Мещанка елді мекенінен Байтанат елді мекеніне азық-түлік өнімдерін алу мақсатында жолды қысқартпақ болып шекара жанында орналасқан жолмен жүріп мемлекеттік шекара сызығынан 8 метр арақашықтықта шекара нарядының көзіне түсіп, ойлаған ойлары іске аспады. Мемлекеттік шекара бұзушылардың өздерімен бірге жеке тұлғаны растайтын құжаттары болған жоқ.

Осылайша, «Ақсақал» шекара заставасының бақылаушылары өзерінің қырағылықтарын, жұмысқа деген ынта-жігерлерін дәледеді. Шекарашылар осы істері арқылы шекара бұзушыларға бақылаушылардың құрығына қалайда ілінетінін тағы бір ескертіп өткендей болды.

С. Әбілқасымұлы, Ә. Сұлтанов, Т. Қалибаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив