KZ
Өскемен
+10°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
449.58 486.94 4.86

Жолдау арқау болған конференция

19.11.2014, 18:00 132



ШҚО Бородулихада аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасының бірінші орынбасары Нұргүл Мәжитқызы Жаксылықова төрағалық еткен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының есеп беру және сайлау конференциясы болып өтті.

Есеп беру-сайлау конференция жұмысына аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімінің уақытша м.а. Ахметқали Ақашұлы Нұрғожин, аудандық маслихаттың хатшысы Уалихан Төкенұлы Майжанов, сондай-ақ жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың басшылары, ауыл және округ әкімдері, қоғамдық саяси ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен бастауыш партия ұйымдарының делегаттары қатысты. Конференцияның күн тәртібінде: «Нұр Отан» аудандық бөлімінің саяси кеңесінің 2013-2014 жылдар аралығындағы жұмыс барысы; партияның аудандық бөлімінің ревизиялық бақылау комиссиясының атқарған жұмыс есебі; партиялық саяси кеңес құрамын сайлау; ревизиялық бақылау комиссиясын сайлау; партияның ШҚО есептік-сайлау конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері қаралды.

Конференцияда Бородулиха аудандық «Нұр Отан» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н. Жақсылықова «Нұр Отан аудандық бөлімінің саяси кеңесінің 2013-2014 жылдар аралығындағы жұмыс барысы туралы» баяндама жасап, 11 қараша күні жолданған Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауының айқын бағыттарына тоқталып өтіп, Елбасының Жолдауларындағы нақты кезеңдерге берілген тапсырмалары бойынша ауданда істеліп жатқан жұмыстары туралы есеп берді.

Одан кейін баяндама жасағандар «Нұр Отан» аудандық филиалының мәслихат депутаттары Фракциясының жетекшісі, аудандық медицина бірлестігінің директоры У.Эфендиев, аудандық «Жас Отан» жастар қанатының орындаушы хатшысы Ф. Белбеев өз ойлары мен істеліп жатқан жұмыстарын айтып, Елбасының халыққа Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыруға, Президент Жолдауын халыққа түсіндіруге, зерделенген мәселелерді шешуге белсене атсалысуға шақырды. Бастауыш партия ұйымының кейбір түйткілді мәселелеріне қатысты «Красный яр» ауылдық округінің әкімі Л. Жубанова, Жезкент кенттік округінің әкімі Ш. Галиевтер өз сауалдарын жолдаса, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы О. Байжанов сөз сөйлеп, Елбасының биылғы халыққа Жолдауындағы салиқалы саясатын жиналғандарға түсіндіріп, «Бірлік түбі береке» демекші, бірлесе отырып қандай қиындықтан болсада қысылмай өтуге, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге оларды жан-жақты қолдауға, ал, аудандық филиалдың жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға беріп жұмысты одан әрі жандандыруды айтты.

Сонымен қатар, аудандық партия ұйымының бақылау-тексеру комиссиясының есебі және аудандық партиялық ұйымның саяси кеңесінің мүшелерін сайлау мәселесі талқыланды. Сондай - ақ, құрамында 15 адамнан тұратын саяси кеңес құрамы мен үш адамнан тұратын бақылау - тексеру комиссиясының жаңа құрамы, облыстық есептік-сайлау конференциясына 10 делегат, саяси кеңесінің бюросына 7 адам сайланды.

Конференция соңында күн тәртібіне қойылған жұмыстардың нәтижесіне «қанағаттанарлық» деген баға беріліп, «Нұр Отан» партиясы Бородулиха аудандық бөлімінің саяси кеңесіне және партияның облыстық бөлімінің кезекті конференциясына делегаттар сайланды. Бүгінде елімізде «Нұр Отан» жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Дамудың өрлеу жолына түскен гүлденген Қазақстан - Елбасының жобасы және Президенттің ой-жоспарларын іске асыруда ең алдымен шешуші рөл жүктелетіні айқын.

С.Әбілқасымұлы, М. Балабайқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив