KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Жоғары оқу орны мен мектеп ынтымақтастығының нәтижелерi талқыланды

6.11.2014, 18:00 114



Ағымдағы жылдың 5-қарашасында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «ЖОО-мектеп ынтымақтастығы. Тәжірибе мен болашағы» тақырыбында Орта-білім беру мекемелері мен Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің Педагогика жоғары мектебінің басшыларына арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысына Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің басшылары, «ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ басшылары, Семей қаласының орта білім беру мектептерінің директорлары және зерттеу жобалары шығармашылық топтарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел бағдарламасы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Әмірбеков Шәріпбек Ағабайұлының алғы сөзімен басталды. Өз сөзінде ректор мұғалімдердің дәрежесін көтеру, колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы мен мектеп оқулықтары сияқты бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне айрықша назар аударды.

Жиын барысында университеттің педагогикалық факультет деканы, п.ғ.к. Аубакирова Р.Ж., а-ш.ғ.к., биология кафедрасының доценті Садықова Р.А., жаратылыс ғылымдары факультетінің деканы, х.ғ.к. Ибраева Л.С., орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Шаронова Е.Н., Инновациялық білім беру технологиялары орталығының директоры Р.С, Мамбетбаева мектеп бағдарламасы мен оқулықтарын негізге ала отырып, олардың мектеп оқушыларының қабылдауына қиындық туғызатыны жайында баяндамалар жасады.

Басқосу соңында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Әмірбеков Шәріпбек Ағабайұлы дөңгелек үстел жұмысының қорытындысын жасап, бірқатар ұсыныстар тастады. Сондай-ақ ЖОО-мектеп ынтымақтастығы жұмысында атқарған еңбектері үшін мектеп басшылары мен ұстаздарына ризашылығын білдіріп, педагогикалық диагностика жобасына белсене ат салысқандары үшін №32,42 мектеп ұстаздарына университеттің алғыс хаттарын табыстады. Сонымен қатар білім бөлімі басшысының орынбасары Естаев Ержан университеттің 12 шығармашылық топтарын сіңірген еңбектері үшін мақтау қағаздарымен марапаттады.

Нұрсұлу Саветқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив