Өскемен
-7°
небольшая облачность ветер 10 м/с, СЗ
448.05 486.58 5.82

Өскемен ЖЭО-да жөндеу жұмыстары қарқынды

21.07.2014, 18:00 23 0



Өскемен ЖЭО-да жылыту маусымына дайындық бойынша жөндеу бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылға белгіленген жөндеу жұмыстарына жиыны 5,3 млрд. теңге қаражат бөлінген, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазір тоғыз бу қазандығының төртеуінде жөндеу жұмыстары аяқ-талса, үшеуінде әлі жалғасып жатыр. Одан бөлек жеті турбинаның үшеуінде ағымдағы жөндеу жүргізілсе, төртеуінде күрделі жөндеу жұмыстары алдағы уақытта атқарылады. Нәтижесінде тоғыз қазандық пен жеті турбина алдағы жылыту маусымына тас-түйін болмақ.

Сондай-ақ, орталықта технологиялық үдерістерді басқарудың автоматты жүйесін қайта қалпына келтіру, өндірістік ғимараттардың электротехникалық және көмекші қондырғыларын жөндеу қолға алынған.

Биылға межелеген ең ірі жобаның бірі - №9-шы турбинаны күрделі жөндеуден өткізу және 120 мВт қуатқа ие №12-ші турбинаның құрылысы десек, екеуі де жоспарлы уақытта тәмам болмақ.

Бүгінгі күні кәсіпорында 110 мың тоннадан астам көмір қоры сақталған. Бұл - жиырма күнге жеткілікті отын.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




23
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив