KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 8 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Моноқаланың жолдары жөнделіп жатыр

15.07.2014, 18:00 156



Моноқалаларды дамыту бағдарламасы арқылы биыл Зырян қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға жалпы сомасы 1160,1 млн. теңге қаражат бөлінген-ді. Бүгінге дейін осы қаржының 241,6 млн. теңгесі игерілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазір Зырян қаласындағы Қаюпов көшесінің жолы жөнделіп, сумен қамту жүйесі қайта қалпына келтірілуде. Одан бөлек аудандық бу қазандығының шикі көмір қоректендіргішіне ағымдағы жөндеу, пәтерлердің ішкі су жүйелерін реттеу, жарықтандыру, көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тамыз айында қираған ескі үйлердің орнын тазалап, күл-қоқысты сыртқа шығару қолға алынатын болады.

Сол сияқты «Гидроэнергетикалық кешеннің құрылысы» деп аталатын зәкірлік жобаның дайындық шаралары басталған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив