KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

9 көпқабатты тұрғын үй Өскемен қаласында қолданысқа беріледі

11.06.2014, 18:00 153



Бүгінде Өскемен қаласында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың соңына дейін Өскеменде тоғыз бірдей көпқабатты тұрғын үй қолданысқа беріледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» бағдарламасы арқылы салынған бұл үйлер тұрғындардың барлық санаттарына және жас отбасыларға жеке беріледі.

Жалпы, өңіріміздің бас қаласында қазір барлығы 584 пәтерден тұратын 10 көпқабатты тұрғын үй салынып қойған. Атап айтқанда, 16-шы тұрғын ауданда 384 пәтерлі 7 үй, 19-шы тұрғын ауданда 200 пәтерлі 3 үй бой көтерген. Құрылыс жұмыстары 604 пәтерлі 6 үйде жүргізіліп жатыр, оның ішінде үстіміздегі жылдың соңына дейін 424 пәтерлі 5 үйді қолданысқа беру жоспарланған.

Өскемендегі 19-тұрғын ауданда жас отбасыларға арнап 315 пәтерлі 3 үйдің құрылысы жүргізіліп жатса, Глубокое ауданының Белоусовка кентінде тұңғыш рет 35 пәтерлі тұрғын үйдің жарты бөлігі жас отбасылар үшін салынып, бүгінде тұрғындар қоныстандырыла бастады.

Қалалық құрылыс бөлімінің ақпаратына сенсек, барлық нысандар биыл толық аяқталып, қолданысқа беріледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив