KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

1 маусым – Балаларды қорғаудың халықаралық күні құтты болсын

31.05.2014, 18:00 242



Құрметті шығысқазақстандықтар!
Қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер!

Сендерді 1 маусым – Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Барлықтарыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ тілейміз!

Бала – біздің болашағымыз, сол себепті біз балаларымыздың қалыпты өмір сүруі үшін, олардың құқықтары сенімді қорғалуы үшін қажетті жағдайдың бәрін жасауға міндеттіміз. Осы бағытта облысымызда жас азаматтардың білім алуы, дене және рухани дамуы үшін лайықты жағдай жасалған. Аймағымызда жыл сайын мектепке дейінгі мекемелерде жаңа орындар ашылуда, балалар алаңы және отбасымен демалатын жайлы аумақтар салынуда. Ең маңыздысы – өскелең ұрпақты өз қаласына, ауылына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу, еркін және үйлесімді жеке тұлға қалыптастыру үшін жақсы жағдай жасау.

Балалық шақ – бұл ең бақытты кезең. Әлемде бала күлкісінен керемет не бар?! Сондықтан әрдайым бала күлкісі сыңғырлай берсін!

Бердібек Сапарбаев,
Шығыс Қазақстан
облысының әкімі

Григорий Пинчук,
облыстық мәслихаттың
хатшысы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив