KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 5 м/с, З
445.66 474.58 4.78

Бітібаева атындағы халықаралық олимпиада өтті Өскеменде

11.05.2014, 18:00 301



ҚСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, республикалық ғылыми-әдістемелік зертхананың жетекшісі, академик Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен халықаралық олимпиада жаңа деңгейге көтерілді. Келесі жылдан бастап олимпиада Білім және ғылым министрлігінің тізіміне енгізілінетін болды. Яғни, алдағы уақытта аталмыш олимпиаданың жүлдегерлері еліміздің ЖОО-на түсу гранттарына ие болмақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Садықова халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатында айтты. Өскеменде өткен білім додасына еліміздің тоғыз облысында жалпы білім беретін мектептерде қазақ және орыс тілінде оқитын 9-11 сынып оқушылары, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия және Қытай Халық республикасының, Ресей мемлекетінің қатысушылары жиналып, білімдерін сарапқа салды.

– Құрметті қонақтар, сіздер кешеден бері танысып жатқан қара Ертістің бойында кезінде сақ пен ғұн тайлалары өмір сүрген. Шығыс Қазақстан дегенде есімізге Абай, Шәкерім, Мұхтар сынды үш бәйтерек еске түседі. Бүгінгі таңда Мәңгілік ел боламыз деп талпынып жатырмыз. Береке мен бірлік бар жерде, дарынды тұлғаны мойындаған ел ғана алға басады. Тәуелсіздігіміздің басты белгісі – мемлекеттік тіліміз. Қазақ тілімен қоса өзімізбен өмір сүріп келе жатқан басқа да ұлттар мен ұлыстардың тілдерін құрметтеп келеміз. Тіл меңгеруде шекара жоқ. Жастар, Сіздерге білім додасында сәттілік тілеймін. Жүлде алмағандарыңызда еш налу болмасын. Жүректеріңіз ауырмасын, бар өмірлеріңіз алда, – деді ұлағатты ұстаз Қанипа Бітібаева олимпиаданың ашылу салтанатында.

Бітібаева атындағы  халықаралық олимпиада өтті Өскеменде

Сайыстың құрметті қонағы, «Edtech-kz» халықаралық білім орталығының директоры Ғани Бейсембаев Қанипа Омарғалиқызына ерен қызметі мен мелекеттік тілге деген қамқорлығы үшін Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасын тапсырды.

Оқушылардың білімдерін аймақтың жетекші ЖОО-ның белгілі ғалымдары мен оқытушылары саралады. Олимпиада жеңімпаздары дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Делегация жетекшілері – қазақ тілі мұғалімдері үшін дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында Қ.Бітібаева шеберлік сынып сағатын өткізді. Ал қонақтар мен оқушылар этнографиялық мұражай-қорықтың Сол жақ жағалау кешені мен «Қазақстан» тауына саяхат жасады.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив