KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 2 м/с, Ю
443.85 474.3 4.8

Мүсілім Құмарбекұлының мерейтойлық кеші

9.04.2014, 18:00 215



2014 жылдың 9 сәуір күні Өскемен қаласының Шығыс Қазақстан өнер мұражайында белгілі жазушы Мүсілім Құмарбекұлының 75 жасқа толуына орай «Айыртаудың ардақты ұлы» мерейтойлық, шығармашылық кеші өтті.

Мүсілім Құмарбекұлы - жазушы, журналист. 1939 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында туған. ҚазМУ-дің түлегі. Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде ұзақ жыл қызмет атқарған. «Ақ Ертіс» әдеби-мәдени, қоғамдық журналының бас редакторының орынбасары қызметін атқарған.

«Алтайдың ардагері», «Қыз күлкісі», «Асау Ертіс», «Шынар», «Алтайым - алтын бесігім», «Жастық жағалауы», «Жар жағасындағы үй», «Тауқымет» атты кітаптардың авторы.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының лауреаты. Биыл жазушы 75 жасқа толып отыр.

Шығыс Қазақстан өнер мұражайы жазушының 75 жылдық мерейтойына орай «Айыртаудың ардақты ұлы» атты шығармашылық кешін өткізді. Аталмыш кешке жазушының замандастары, қаламгер достары, қаламыздың құрметті азаматтары, есімі елге таныс өнер майталмандары қатысты. Кеш барысында «Шығыс Ақпарат» ЖШС директоры, ҚР Жазушылар одағы ШҚО бөлімшесінің төрағасы Нұржан Қуантайұлы жазушыға Одақ төрағасы, сенатор Нұрлан Оразалиннің арнайы құттықтау хатын тапсырды. Сондай-ақ Өскемен қаласының әкімі мен Ұлан ауданының әкімі де өз құттықтаулары мен сый-сыяпаттарын жолдады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив