KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Дубайда өткен халықаралық суретшілер фестивалінен Казақстан оқушылары жүлдемен оралды

7.04.2014, 18:00 153



Жуықта Өскемен қаласының бір топ оқушылары Дубайда өткен «Аrt HOLIDAYS» атты халықаралық суретшілер фестивалінен жүлдемен оралды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сонау Араб елінде ұйымдастырылған көрмеге он бес оқушыны бастап барған мұғалімдері Құдаш Нұрсадықов та кәсіпқой суретшілер арасындағы көрмеге қатысып, бірінші орынға қол жеткізді. Бірнеше мемлекеттен келген кіл мықты суретшілердің арасынан топ жарып, бірінші болу әркімге бұйыра бермесі анық.

Ал көрмеге қатысқан он бес оқушының барлығы да жүлделі орыннан көрінді. Олардың ішінде он екі оқушы «Нұр Орда» халықаралық мектебінің намысын қорғаса, үш оқушы – Құдаш Нұрсадықовтың ұйымдастыруымен құрылған «Сурет» изостудиясының шәкірттері.

Қазақ жерінің байтақтығын, бай-лығын дәстүрін бейнелеу өнерімен көрсете білген суретші Құдаш Нұр-садықов:

– Көрмеге үш ай бұрын дайындалдық. Әр оқушы екі суреттен апарды. Өзім де екі картина салдым. Суреттерімізді арқалап, Дубайға бара қалғанда араб халқы бізді құшақ жая қарсы алды. Өнер мұражайын араладық. Қабырғаларға әлемдік деңгейдегі шедевр картиналар ілінген екен.

Ал көрмеге қатысқанымызбен, орын алу деген ойыма да кіріп-шықпапты. Суреттерімізге Жапония мен жергілікті суретшілер баға берді. Еңбектеріміз көпшіліктің көңілінен шығып, жүлделі орындарды қанжығалап қайтқанымыз – біз үшін, облысымыз үшін үлкен абырой. Халықаралық фестивальда қазақ халқының бейнелеу өнері өзгелерден оқ бойы озық тұрғанын дәлелдедік, – дейді өз әсерімен бөлісіп.

Көрмеден кейін жапон суретшісі кәсіби шеберлік сыныбын өткізіп, өз көрген-білгенін тәжірибе жүзінде көрсетіпті. Дубайлықтар келген қонақтарға ілтипат білдіріп, қаланың көркем жерлерін аралатқан көрінеді. Ал марапаттау рәсімі теңіз жағасында, үлкен кемеде ұйымдастырылыпты.

Республика бойынша Өскеменнен ғана барып, жүлдемен оралған оқушылар шетелден кереметтей әсерде қайтқандарын айтып отыр. 3 сынып оқушысы Дана Пазылова:

– Дубай керемет жер екен. Құдаш ағаның үйретуімен көрмеге екі ай тыңғылықты дайындалдым.
Көрмеге қатысып, жүлделі орын ал-ғаныма қуаныштымын, – дейді.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив