KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 7 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Асыл тұқымды малға сұраныс көп

28.02.2014, 18:00 183



Жарма ауданының шаруашылықтарында өсірілген асыл тұқымды малға деген сұраныс арта түсуде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кейінгі үш жылда асыл тұқымды 917 бас ірі қара мал, 7500 бас қой, 126 бас жылқы сатылды. Биылғы жыл басындағы деректер бойынша ауданда қазақтың ақбас сиырының саны 4461-ге жетіп, жалпы ірі қара малының 7,5 пайыздық үлесін құраған. Етті-майлы жартылай қылшық жүнді байыс қойы жалпы қой басының 14,8 пайызын құрап, саны 30542 басқа жеткен. Сондай-ақ, 745 бас «Жабы» тектес асыл тұқымды жылқы өсірілуде. Былтыр аудан бойынша 147 асыл тұқымды бұқашықтар сатып алынды.

Мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде ауданда асыл тұқымды мал саны көбейіп келеді. «Сыбаға» бағдарламасы аясында алты шаруашылыққа 76,5 млн. теңге несие беріліп, жалпы жиыны 236 бас ірі қара мал сатып алынды.

«Шалабай» және «Қалбатау» асыл тұқымды зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің, «Мүсілім», «Қара Адыр» толық серіктестіктерінің, «Мақсат» шаруа қожалығының малы сатып алушылар тарапынан жоғары сұранысқа ие болып отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив