KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
440.92 475.36 4.82

Березовка кен байыту фабрикасы қайта қалпына келтірілмейтін болды

26.02.2014, 18:00 180



Төтенше жағдайдың салдарынан жұмысы қаңтарылып тұрған Березовка кен байыту фабрикасы қайта қалпына келтірілмейтін болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев пен «Қазақмыс» ЖШС-нің бас директоры Бахтияр Қрықпышевтың Глубокое ауданы, Жоғары Березовка кентінің тұрғындарымен өткізген кездесуде айтылды.

Тәуелсіз сараптама ұйымының техникалық қорытындысына сүйенсек, аталған фабрика мен оның құрылғыларын қайта қалпына келтіру, күрделі жөндеу жүргізу жұмыстары оң нәтиже бермейді. Сондықтан кәсіпорынды әрі қарай пайдалану тиімсіз. Бірақ, бұл жағдай кент тұрғындарының тұрмысына кері әсер етпейді. Кәсіпорын жұмысшылары Белоусовка кен байыту фабрикасына ауыстырылған және жалақылары қысқармаған. Технологиялық ауысым өкілдерін қызметтік көлікпен тасымалдайды. Жұмыс жүктемесінің өсуіне байланысты тоқтап тұрған фабрика қондырғыларының бір бөлігі Белоусовкаға жеткізілген.

Сондай-ақ, ШҚО басшылығы «Қазақмыстың» кеншілер мен жергілікті тұрғындар алдындағы өз міндеттерін орындауын жіті бақылауда. Мәселен, кентті ауызсумен, электрмен қамту, жолдарды, коммуникацияны, әлеуметтік нысандарды жөндеу бұрынғыша жалғаса бермек. Ал кездесуге қатысқан жұртшылық компания басшылығы мен атқарушы билік өкілдері келтірген дәлел-себептермен келісетіндерін жеткізді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив