KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Жас кәсіпкерлерді қолдауға 100 миллион теңге бөлінбек

20.02.2014, 18:00 119



Биыл Шығыс Қазақстан облысының жас кәсіпкерлерін қолдау мақсатында мемлекет қазынасынан қомақты қаржы бөлініп отыр. Нақтырақ айтқанда, кәсібін енді бастаған жастар үшін қолдау-көмек ретінде шамамен жалпы сомасы 100 миллион теңге қаржы қарастырылмақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл ақша биыл бөлінуге тиіс. Осынша көлемдегі қаражатты бөлу жөніндегі ұсынысты облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы тиісті орындарға жіберген-ді. Аталған басқарманың басшысы Шәкәрім Бұқтұғұтовтың айтуына қарағанда, өзінің жеке кәсібін ашуға ынталы жас кәсіпкерлерге қаржы бөлу жұмыстары өткен жылы жақсы нәтижесін бергендіктен, ол жұмысты биыл да жалғастыру көзделген. – Осы жылға республикалық бюджеттен 25 миллион теңге қаржы қарастырылған болатын.

Алайда, біз қосымша тағы 90 миллион теңге бөлу жөнінде ұсыныс жолдадық және оң нәтиже шығады деп күтіп отырмыз. Айта кетерлігі, бұл бағдарламаға деген қызығушылық жылдан-жылға артып келеді. Оның нәтижесі де жаман емес, – дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Шәкәрім Бұқтұғұтов.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив