KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Семейде самбо саңлақтары сұрыпталды

16.02.2014, 18:00 415



Өткен аптаның 14-15-і күндері ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының "Семей қаласы бойынша ШҚО №1 БЖСМ" КММ-інің ғимаратында ерлер мен әйелдер арасында самбо күресінен және әскери самбодан облыс чемпионаты өтті. Әскери самбо күресі облысымызда енді ғана қолға алынып, тұңғыш рет Семей шаһарында өткені Алаш жұрты үшін абырой екені рас.

Салтанатты ашылудың құттықтау сөзі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының "Семей қаласы бойынша ШҚО №1 БЖСМ" КММ-інің басшысы Мерейғалы Қойшыбекұлы Көшкіновке берілді.

- Құрметті спортшылар, спорт сүйер қауым, бүгін міне, ШҚО-ның самбо күресінің чемпионатын өткізгелі отырмыз. Сіздерді Шығыс Қазақстан облысы спорт басқармасының атынан шын жүректен құттықтаймыз. Осы жарыста жеңіп шыққандар біздің облысымыздың намысын қорғайтын болады. Бұл наурыз айының 15-інде Алматы облысы, Талдықорған қаласында өтеді. Сондықтан сендерге тілейтінім тек қана жеңіс!- деді Мерейғалы Қойшыбекұлы. Сонымен қатар, самбо күресінің спорт жекпе-жегі атағын алған балуандарды құттықтап, салтанатты түрде арнайы куәлік тапсырды.

Келесі сөз ШҚО бойынша самбодан аға жаттықтырушы, осы жарыстың бас төрешісі Имаханов Біржанға берілді. Бас төреші әскери самбо күресінің қатаң талаптарын бір қайталап, жарыстың халықаралық дәрежеге сай өтетінін тағы бір мәрте ескертті.

ШҚО барлық өңірлерінен ең мықты деген 150-ге тарта жарысқа қатысушылар жиналды. Екі қатар төселген күрес кілемінде самбошылар барын салуға тырысты. Нәтижесінде төмендегі тізімдегілер жүлделі орындарды еншілеп, (40 кг), (+100) салмақ дәрежелері бойынша 1,2,3 - орын алғандар марапатталды. Ерлер арасында самбодан (52кг) салмақ бойынша 1-орынды №1БЖСМ-нің спортшылары: Шакиров Ерболат, 2-орынды Шайксламов Дамир, 3-орынды Мақсат Арман және Дидар Тұрсыновтар иеленді. Айта кетерлік жайт, төрешілер 3-орынды 2 палуанға қатар берді. Сондай-ақ (57кг) салмақта 1-орынды Сабырбаев Айдос, 2-орынды Мерейғалы Қыпшақ, 3-орынды Кульчубеков Айдынбек, 3-орынды Рамазанов Мерландар Спорт колледж қоржындарына салды. (62кг) салмақта жеңімпаз атанғандар: 1-орынды Тұрарбеков Мейіржан, 2-орынды Ракишев Ринат, 3-орынды Муратбеков Олжас, 3-орынды Берікболов Айбектер иеленді. (68кг) салмақта 1-орынды Жақсыбеков Дидар, 2-орынды Елубаев Бауыржан, 3-орынды Сайдахметов ДаниярСпорт колледж, 3-орынды Бекешов Нұржандар қанжығаларына байлады. (74кг) салмақ нәтижесінде 1-орынды Бейсенбаев Елдар, 2-орынды Мұсаинов Архат, 3-орынды Қалиоллаев АсхатСпорт колледж, 3-орынды Келисов РүстемЖСШМ иеленді. 1-орынды Канафин Медет, 2-орынды Қабдоллаев Мерей, 3-орынды Құмашев Азат, 3-орынды Мусин Даниярлар (82кг) бойынша бақ сынасты. (90кг) салмақта жеңіске жеткендер: 1-орын Қайырбек ЕрасылСпорт колледж, 2-орын Құсайнов РамазанЖСШМ, 3-орын Нұрахметов ЕркебұланЖСШМ, 3-орын Конкиев Ерландарға бұйырды. (100кг) салмақта күш сынасып, 1-орынды Асаинов Мейрам, 2-орынды Болатхан ҚуанышЖСШМ, 3-орынды Баймағұлов Нұржандар алды. (+100кг) салмақтан асқан күш иелері: 1-орынды Қыдырманов Чингиз, 2-орынды Сапарғали ЕркебұланЖСШМ, 3-орынды Мұхаметқалиев ЕржанЖСШМ иеленді.

Әйелдер арасындағы (48кг) салмақ бойынша белдескен бұрымдылар: 1-орынды Кеңесбекова Жұлдыз, (56кг) салмақта 1-орынды Нәдірханова Мадина, 2-орынды Нұрғалиева ГүлданаАқжар, 3-орынды Саданова Құндыз, (60кг) салмақ бойынша 1-орынды Атаева ЖібекСпорт колледж, 2-орынды Қарабалаева Әсел, (64кг) бойынша 1-орынды Отарбаева РыскүлМБЖСМОР, (68кг) салмақта 1-орынға Табиева Перизаттар МБЖСМОР табан тіреді.

Әскери самбоның жеңімпаздары: (52кг) салмақта 1-орынды Алиев ЗаурӨскемен, 2-орынды Айткенов Оралбек, (57кг) салмақта 1-орынға Сандыбеков ОрынбекСемей, 2-орынға Рысбек АсхатСФЭК, 3-орынға Қуанышбеков Әділет, 3-орынға Нұрсапа ДостықСФЭК табан тіреді. (62кг) бойынша 1-орынға Рахимов ҚайсарӨскемен, 2-орынға Омарханов СаттіғалиСемей, 3-орынға Қалиев ДаниярСемей, 3-орынға Темірбеков Бағдаттар жеңімпаз аталды. (68кг) бойынша 1-орынды Қажиев РүстемӨскемен, 2-орынды Берекпулов ЖумабекӨскемен, 3-орынды Ахметжанов ЕркебұланСемей, 3-орынды Хайса АманжолСемей иеленді. (74кг) бойынша 1-орынға Мукашев ОлжасСемей, 2-орынға Қырықбаев АйдынСемей, 3-орынға Алмабек АманСФЭК, 3-орынға Сапарғалиев Ернат лайық күш көрсетті. (90кг) бойынша 1-орынға Мадинов РайханӨскемен, 2-орынға Құсайнов РамазанЖСШМ, (100кг) бойынша 1-орын Риб ЕвгенийӨскемен, 2-орын Какимов Құрметтер ие болды. (+100кг) салмақта 1-орынды Қыдырманов Чингиз қанжығасына байлады. Екі күнге созылған облыстық іріктеу өз палуандарын таңдады. Бұл бәсекеден үздік шыққандар республикалық чемпионатқа жолдама алды.

Медет Демежан
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив