KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Заңсыз балық аулауға арналған 45 мың метр ау тәркіленді

29.01.2014, 18:00 207



Шығыс Қазақстан облыстық табиғат қорғау прокуратурасы, орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет отряды, балық инспекциясы және табиғат қорғау полициясының қызметкерлері бірлесе отырып, Зайсан көліндегі заңсыз балық аулау фактілерін анықтауға бағытталған үш рейдтік шара өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Рейд барысында Құйған және Күршім ауылдарынан ғана 11 балық аулау тәртібін бұзу фактісі анықталып, 11 адам әкімшілік жазаға тартылды. Оған қоса, жалпы ұзындығы 1 500 метр ау мен 100 килограмнан артық заңсыз ауланған балық тәркіленді.

Жалпы, осы үш рейдтік шара нәтижесінде барлығы 45 мың метр ау тәркіленіп, төрт мыңнан астам балық өзен-көлге қайта жіберілді. Ал тәркіленген балықтың жалпы салмағы 500 келіден асқанын айта кеткен абзал. Тәркіленген аулар комиссия мүшелері көзінше өртелінді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив