KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
447.4 477.55 4.76

Алдағы жылы «Алматы - Өскемен» тас жолы жөнделеді

27.01.2014, 18:00 78



2015 жылы Өскемен – Алматы тас жолы жөнделеді. Жолдың кейбір учаскелері кеңейтіліп, шұғыл бұрылыстар түзетіледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазір жолдың негізгі жөндеуді қажет ететін тұстары анықталып, есеп-қисап мәселелері жоспарлану үстінде. Жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға бір жыл, яғни бүкіл 2014 жыл кетеді, - деп мәлімдейді «ҚазАвтоЖол».

Негізгі күрделі жөндеу жұмыстары 2015 жылы басталғанмен, биылғы жаздан бастап Аягөз бен Қалбатау арасындағы ең ой-шұңқыры көп жерлерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіле бастайды.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив