KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қазақстанда ереуілге шыққандарды түрмеге кесу жазасы қарастырылып жатыр

21.01.2014, 18:00 183



Қазақстан қылмыстық кодексінің жаңа жобасы жасалды. Оны енді депутаттар талқылайды. Жобада еңбек дауын қоздырғандарға айыппұл ғана емес, түрмеге кесу жазасы да қарастырылған.Жаңа қылмыстық кодекс жобасымен Қазақстан бас прокуратурасы сайтында танысуға болады.

400-БАП
Жобадағы 400-бапта еңбек дауын қоздырғаны үшін ереуілге қатысушыларға айыппұл салу, түзету жұмыстарына жіберу және үш жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Баптың бірінші бөлімінде егер сот ереуілді – "заңсыз", ал "оған қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдары немесе әлеуметтік желілер арқылы ереуілге жария түрде шақырған" деп тапса, сот ереуілге қатысушыларға бір мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу, түзету жұмыстарына жіберу немесе бас бостандығынан бір жылға дейін шектеу сияқты жаза тағайындай алатыны жазылған.

Ал баптың екінші бөлімінде жаза күшейтіліп, түрмеге қамау мерзімін үш жылға дейін ұзарту қарастырылған. Заңсыз ереуілге қатысушылар "азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірген не жаппай тәртіпсіздікке әкеп соқтырған іс-әрекеттері үшін" бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мәлімет көзі: Азаттық радиосы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив