KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Қазақстан Президентінің жолдауы жөнінде - қысқа және нұсқа

16.01.2014, 18:00 231



Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ҚР Парламенті қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Биылғы Жолдаудың басты 10 ерекшелігіне тоқтала кетсек.

Бірінші рет Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауы Тәуелсіздік сарайында жарияланды. Бұған дейін мемлекеттің бір жылдық бағытын айқындайтын құжатты Мемлекет басшысы Парламент ғимаратында жариялап келді.

Көпшілік Жолдаудың мәтінімен танысу үшін іздейді. Сондықтан болар «Қазақстан Президентінің Жолдауы» сұрауы бойынша Интернеттегі іздеу жүйелері үш тілде 20 миллионнан астам сілтеме ұсынады.

Жалпы әлемдегі көптеген елдің басшылары жыл сайын атқарылар жұмыстар туралы бағытты айқындайтын құжатты немесе тұрғындарға жолдауын жыл сайын жария етеді. Солардың ішінде тек Қазақстан Президенті Жолдауын 2 тілде жариялайтын жалғыз мемлекет басшысы. Бұл үшінші ерекшелік.

Төртінші тұста биылғы Жолдауда 2014 жылы Үкімет пен мемлекеттік органдарға 15 нақты тапсырма берілетіндігін айтуға болады.

Бұдан кейінгісі биылғы Жолдау Президенттің стратегиялық Жолдауын қоса есептегенде, 1997 жылдан бері жарияланған 18-ші Жолдау.

Алтыншы - Президент Жолдауында 80-нен астам инновациялық идея ұсынылды.

Жетінші Жолдау тақырыбына арналған толыққанды портал жұмыс істейді. Бұл 2013 жылдан бастап қолға алынған www.strategy2050.kzсайты.

8. Сөздер бойынша қарастырсақ, «Қазақстан» және «қазақстандықтар», «инновациялар және инновациялық» сөздері Жолдауда 50-ден астам рет айтылған.

9. «Экономика» сөзі Жолдауда 17 рет, «білім» 8, «әлеуметтік» сөзі 10 мәрте атап өтілген. «Сапа» және «сапалы» сөздері құжатта он шақты рет, «құру» және «құрылу» сөздері 20-дан астам рет қайталанған.

10. Президент Жолдауы 3 842 сөзден тұрады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив