KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскеменде 7 айлық сәбидің үстіне ескі, ауыр теледидар құлаған

13.01.2014, 18:00 236



Өткен аптаның соңында Өскемендегі Ана мен бала орталығының жан сақтау бөліміне бас сүйектің ауыр жарақатымен 7 айлық нәресте жеткізілді. Ата-аналарының айтуынша, баланың үстіне ескі модельді ауыр теледидар құлаған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Қабырға жағалап тәй-тәйлап жүрген 7 айлық қыздың үстіне ескі жиһаздың үстінде тұрған абажадай теледидар аударылып кеткен. Тумбочканың көлемі теледидардан жіңішке және лакталған жылтыр болғандықтан, теледидар сәл қозғалыстан тайып кетіп баланың тура басына құлаған,-дейді нейрохирургия бөлімінің бас ординаторы Серік Қизатуллин.

Нәтижесінде баланың бас сүйегі деңгейі ауыр жарақатқа ұшырады. Миына зақым келіп, бас сүйегінің жіктері ажырап оған қан құйылған.

Дәрігерлердің айтуынша қазыр балақайдың жағдайы жақсарып келеді, бүгін оны жан сақтау бөлімінен нейрохирургия бөліміне ауыстырған.

- Соңғы бес жылда ауыр теледидарлардың құлауы салдарынан 45 бала зардап шеккен. Өкінішке орай біз соның ішіндегі бір баланы ажалдан аршалай алмай қалдық,-дейді Серік Қизатуллин.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив