KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 9 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Өскеменде хоккейден мектепаралық турнир өтіп жатыр

5.01.2014, 18:00 104


Өскемендегі №11 орта мектептің мұз айдынында шайбалы хоккейден мектепаралық турнир салтанатты түрде ашылды. Жарыстардың ашылу салтанатына ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Турнир қысқы каникулдың соңына дейін жалғаспақ. Сайыста қала мектептерінің 24 хоккей командасы өзара күш сынасуда. Олардың арасында тәлімгерлері республикалық жарыс-тарда қала мен облыс намысын қорғап жүрген «Устинка» командасы да бар.

Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жас спортшылар мен олардың бапкерлерін, ата-аналарын осы маңызды спорттық мерекемен құттықтап, баршаларына сәттілік пен тартысты ойын тіледі.

– Сендер үшін үлгі тұтарлық спортшыларымыз жетерлік. Виктор Александров, Евгений Набоков және көптеген өзге өскемендік хоккейшілер – әлемдік спорт тарихынан өз орындарын тапқан сайыпқырандар, – деді аймақ басшысы.

Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов өз сөзінде былтыр қалада екі хоккей модулінің ашылғанын, осы жылы да спорт нысандарының, оның ішінде хоккей модульдарының құрылысы жалғасатынын жеткізді.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив