KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Мектептерде құқықтық білім күні өткізіледі Шығыс Қазақстанда

26.12.2013, 18:00 139



Шығысқазақстандық жол сақшылары мектептерде құқықтық білім күнін өткізуді қайта бастады , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Кеңес заманында милиция қызметкерлері жол үстіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша оқушылар арасында алдын алу дәрістері бейсенбі сайын өткізілетін, - дейді МАИ ардагерлері кеңесінің төрағасы Қадес Құрманғалиев (қазіргі ШҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының).

"Балалар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауабын сол арада қолма-қол құқық қорғау мамандарынан алатын", деп есіне алады ардагер 15 минуттық сабақтың тиімділігін.

Мектептерде құқықтық білім күні өткізіледі Шығыс Қазақстанда

ШҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы алғашқы жол қозғалысы ережелерінің дәрістік үгіт және насихат жұмысын Назарбаев зияткерлік мектебінен бастады. Балалар жол сақшыларына ескерту белгісімен жолдарды жабдықтау жөнінде сұрақтарын қойды. Оқушыларды да, мектеп мұғалімдерін де Өтепов көшесіндегі қауіпсіздік жағдайы аландатады. Әкімшілік полициясының қызметкерлері демалыс алдындағы және демалыс кезіндегі уақытта қауіпсіздік шараларын ұмытпау туралы ескертті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив