KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтармен кездесу Семей қаласында өтті

14.12.2013, 18:00 186


1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан бір топ азаматтармен кездесу Семей қаласында өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпаратына сілтеме жасап.

Еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында ұйымдастырылған дидарласуға бүгінгі күні түрлі қызметтерде абыройлы еңбек етіп жүрген Жанат Наукенқызы Айтжанова, Зухра Меңдібайқызы Әбетова, Нүсіпхан Жаппарұлы Дихамбаев, Анар Оразғалиқызы Жақыпова, Бақыт Қалиназарұлы Орақбаев және Талғат Санақұлы Саурықов қатысты.

Арнайы жайылған дастархан басына жиналған қауым өткен күндерін еске алысып, жас ұрпақтың жадында қалар мағыналы ойларымен бөлісті, егеменді елдің келешегінің кемелденуіне тілек білдірді.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив