KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 6 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Құрметті азамат атағы Шығыс Қазақстанның бір топ өкіліне беріледі

12.12.2013, 18:00 142



Шығыс Қазақстанның өркендеуі мен дамуына айтулы үлес қосқан бір топ азаматқа «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім шығарылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті ХVІІ сессиясында депутаттар осынау мәртебелі атаққа Шемонайха ауданындағы «Камышинское» шаруа қожалығының басшысы Владимир Акуловты, жеңіл атлетикадан еңбек сіңірген спорт шебері Ольга Рыпакованы, «СемАЗ» серіктестігі директорлар кеңесінің төрағасы Дәулет Тұрлыхановты және еңбек ардагері Маймұрат Уәлиевті лайық деп бірауыздан ұйғарды.

Құрметті азамат атағы Шығыс Қазақстанның бір топ өкіліне беріледі

Өскемендік Ольга Рыпакова Лондон Олимпиадасында Қазақстанның туын желбіретіп, еліміздің мерейін үстем етсе, тағы бір спортшы Дәулет Тұрлыханов Қазақстан күресінің қанат жаюына жанын салып жүрген азаматтардың бірі. Сонымен қатар даңқты балуанды көпшілік меценант ретінде де жақсы біледі.

Ержан Әбішұлы
суреттерді түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив