KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО драма театрының артистері жаңа жылдық ертегі-спектакльдің дайындығына кірісті

10.11.2013, 18:00 229


Жамбыл атындағы ШҚО облыстық драма театрының артистері «Золушка немесе мәселе тіпті де шәркейде емес» атты жаңа жылдық ертегі-спектакльдің дайындығына кірісіп кетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жаңа қойылымның авторы әрі режиссері Татьяна Бабаева мен қоюшы суретші Владимир Лукьянов артистермен бірлесіп, күн сайын әртүрлі жаңа жылдық таңғажайыптар мен трюктерді ойластыруда. Әндерін жазған Светлана Апасова.

«Жаңа жыл балалар мен ересектердің асыға күтетін сүйікті мерекесі. Ал Жаңа жылды ертегісіз елестету мүмкін емес. Таңғажайыптар мен құпияларсыз қандай мейрам болсын?! Сол себепті де біз «Золушка немесе мәселе тіпті де шәркейде емес» ертегісі біздің театр сахнасында қойылатын ең ғажайып та романтикалық қойылым болады деп үміттенеміз», деп бөлісті бізбен театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Светлана Антонова.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив