KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
449.58 486.94 4.86

Шығыс Қазақстанның жолдарында автокөлік қозғалысына шектеу енгізілді

7.11.2013, 18:00 110


Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстанның жолдарында автокөлік құралдары қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ШҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының ақпаратына сілтеме жасап.

"Ағымдағы жылдың 8 қарашасынан бастап «Өскемен-Зырян-Рахман қайнары» автожолының 6-65 шақырымдағы учаскесінде, «Өскемен-Тарғын - Самар» автожолының 62-145 шақырымдағы учаскесінде, «Өскемен – Горная Ульбинка - Северное» автожолының 16-60 шақырымдағы учаскесінде қыс мерзімінде тіркеме және жарты тіркемесі бар автокөлік құралдары қозғалысына шектеу енгізілді", делінген баспасөз парағында.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив