KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 8 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Түйемойнақ аралы қоқыстан тазарып қалды

3.11.2013, 18:00 130


Түйемойнақ аралында Семей қалалық ішкі саясат бөлімі Жастар орталығының бастамасымен «Таза орман – жылы үй» акциясын өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ішкі саясат бөлімінің ақпаратына сілтеме жасап.

Шараға «Жасыл ел» еңбек жасағы мен «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты қатысты. Экологиялық акцияға қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі, «Зеленстрой» ЖШС техникалық қолдау көрсетті.

Түйемойнақ аралы қоқыстан тазарып қалдыАкция барысында жастар Түйемойнақ аралын құлаған ағаш пен қоқыстан тазартып, ағаш кесінділерін әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жеткізіп берді.

Түйемойнақ аралы қоқыстан тазарып қалды«Қалалықтардың өзен жағасына келіп, соңдарынан қоқыс тастап кетулері алаңдатарлық жайтқа айналды. Осы экологиялық акция арқылы әр адамға табиғатты аялап, қорғаудың маңыздылығын жеткізгіміз келді», - дейді акция ұйымдастырушысы Олжас Мысыров.

Шараға шамамен 70 адам қатысып, бірнеше жүк көліктері жұмылдырылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив