KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

Жастардың діни сауатты болуы шарт

31.10.2013, 18:00 127


Өскемен қаласындағы облыстық кітапханада Шәкерім атындағы Семей мемлекттік университетінің оқытушысы Мамырбек Арафаттың жетекшілігімен жастарды қолдау тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шараның басты мақсаты – жастарға қоғамдағы келеңсіздіктерге бой алдырмауды насихаттау, экстремизм мен терроризмнің зиянын айтып, оның алдын алу.

Дөңгелек үстелге Семей қаласынан келген жастар ұйымдары мүшелері, ШҚМУ мен ШҚМТУ студенттері және Назарбаев атындағы мектептің оқушылары қатысты.

Экстремизм мен терроризм жайында дәріс оқыған Арафат Мәжитұлы осындай ұйымдарға, әсіресе, болашағы бұлыңғыр, өзіне деген сенімі аз азаматтардың енетінін айтты. Ол, сондай-ақ, экстремизмді насихаттайтын секталардың пайда болуына және олардан сақтану шараларына да жан-жақты тоқтала кетті. Әрбір адам осы жат ағымдардың жетегінде кетпес үшін діни сауатты болуы қажеттігі түсіндірілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив