KZ
Өскемен
+10°
небольшой дождь Штиль
448.89 477.93 4.76

Дәстүрлі емес діндердің қауіп-қатері түсіндірілді

30.10.2013, 18:00 205


Аягөз қаласындағы 10181 әскери бөлімінде жаңадан жұмысқа орналасқан әскери қызметкерлермен теріс діни ағымдардан сақтандыру мақсатында семинар өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Онда діни экстремизм және деструктивті діндердің жастарға ықпалы әңгіме арқауына айналды. Жиынға аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 10181 әскери бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі подполковнигі, БАҚ өкілдері мен әскери қызметшілер қатысты.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Д.Бекішев Аягөз өңірінде жат ағымдардың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан түрлі іс-шараларға тоқталып, сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар жиында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңы, дәстүрлі емес діндердің қауіп-қатері туралы мол мағлұматтар берілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив