KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Қаржы полициясы органдарының қаза тапқан және қайғыға ұшыраған қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсетілді

29.10.2013, 18:00 273


Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы департаментінде қаржы полициясы органдарының қаза тапқан және қайғыға ұшыраған қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсетілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі департаменттің баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

Қаржы полициясы органдарының қаза тапқан және қайғыға ұшыраған қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсетілдіДепартамент басшылығымен кездесуге Шығыс Қазақстан облысы қаржы полициясы органдарының қатарында әр түрлі жылдары қызмет еткен Зайсан аймағы бойынша салық полициясының бұрынғы орынбасары марқұм Ж.Молдашевтің, Семей аймағы бойынша қаржы полициясы басқармасының бұрынғы қызметкерлері Т.Нұрлыбеков, Б.Мұсажанов, Т.Қоржынқұловтың жақындары келді.

Қаржы полициясы органдарының қаза тапқан және қайғыға ұшыраған қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсетілді«Естеріңде болсын, Сіздер үшін департаменттің, менің жұмыс кабинетімнің есігі әрқашан ашық. Біздің арамызда ешқандай түсініспеушілік, шешілмеген мәселелер болмауы тиіс,- деді департамент бастығы, қаржы полициясының полковнигі Бәдехан Камалханұлы шақырылған қонақтарға.

Қонақтардың алдында қаржы полициясы органдары кеңесінің төрағасы М.Мерекенов сөз сөйлеп, Департамент басшылығын көптеген мәселелрді шешудегі баға жеткісіз көмегіне алғыс білдірді.

Қаржы полициясы органдарының қаза тапқан және қайғыға ұшыраған қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсетілдіДепартаменттің жеке құрамы өз әріптестерін үнемі есте сақтайды. Сүйікті адамынсыз, ең бастысы өмірдегі тірексіз және қолдаусыз қалған олардың отбасыларына көмек беру үшін, департамент қызметкерлері қаржы полициясы органдарының ардагрелер кеңесінің қайырымдылық есеп шотына біркүндік жалақыларын аударды.

Сонымен қатар ұлының ауыр науқасқа ұшырауына байланысты қаржы полициясының ардагері Л.Морозняноваға, із-түзсіз жоғалып кеткен қаржы полициясының ардагері М.Валитовтың отбасына және департаменттің бұрынғы қызметкері, мүгедектігіне байланысты зейнеткерлікке шыққан С.Бековке көмек көрсетілді.

Кездесуге келген отбасылар департамент басшылығына оларға көрсеткен көмектері және жәрдемдері үшін алғыс білдірді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив