KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Шығыс Қазақстанда колледж тәмамдаған 237 жастың бесеуі ғана жұмыс тапқан, қалғандары бос жүр

28.10.2013, 18:00 82


ШҚО Үржар колледжінде 85 түлектің біреуі ғана қызметке орналасқан. Шығыс Қазақстан заң колледжін тәмамдаған 61 жастың бір де біреуі еңбекпен қамтылмаған. Сол сияқты Зайсан технологиялық колледжін былтыр бітірген 91 түлектің төртеуі ғана жұмыс тапқан. Бұл деректер облыс басшысының төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте келтірілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

"Бұл – неткен сұмдық! Оларды оқытуға шығындалған мемлекеттің қаржысы далаға кетіп жатыр ғой. Неге бақылауға алмайсыздар, тиісті орындар қайда қарап жүр? Егер оқу бітірген түлектеріміз бос жүрмесін десек, оларды әу баста оқуға келісімшарт негізінде қабылдауға көшкен дұрыс. Яғни, жұмыс берушінің сұранысына қарай талапкерлерді қабылдау керек", – деген пікір білдірді білім беру саласының басшылығын қатаң сынға алған облыс басшысы Б.Сапарбаев.

Бұған қоса өңір басшысы электронды оқыту жүйесін дұрыс жолға қою үшін бірінші кезекте облыстағы барлық мектептердің компьютермен қамтылуын және түгелдей интернет желісіне қосылуын қадағалауды тапсырды. Облыстың кадрлық резервін байыту мақсатында дарынды балаларды мектеп, университет қабырғаларында
оқып жүрген кезінен бастап бақылауға алып, келешекте олар туған еліне келіп еңбек ететіндей механизм жасауды міндеттеді.

Серік Әбілхан

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив