KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Ақын-жазушылармен өткен сырлы кеш

28.10.2013, 18:00 248


А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада ақын, "Серпер" жастар сыйлығының лауреаты, жерлесіміз, Жарма ауданының тумасы Саят Қамшыгермен кездесу өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ақын-жазушылармен өткен сырлы кешСаят Қамшыгер Алматы мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетін 1999 жылы үздік аяқтаған. Қазір республикалық "Мөлдір бұлақ" журналында Бас редактордың орынбасары. Көптеген жыр мүшәйраларының бірнеше дүркін жеңімпазы.

Ақын-жазушылармен өткен сырлы кешОқырмандармен жүздесуге ақынмен бірге Халықаралық "Алаш" әдебиеті сыйлығының лауреаты Әділғазы Қайырбеков, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, "Серпер" жастар сыйлығының лауреаты, ақын Әлібек Шегебай, "Ұлан" газеті бас редакторының орынбасары Серікбол Хасан, аудармашы, қытай тілінің маманы Сержан Тоқтасынұлы, дәстүрлі әнші Саят Нұрғазин сияқты танымал ақын-жазушылар келді.

Ақын-жазушылармен өткен сырлы кешӨнер адамдарымен өткен сырлы кешке мұғалімдер, кітапханашылар, студенттер мен оқушылар жиналды. Қонақтар өлең оқып, ән айтып, көпшіліктің сауалдарына жауап берді. Өз талаптарын көрсетуді жөн көрген кішкентай оқырмандар өз өлеңдерін оқып, ақын ағаларынан бата алды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив