KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Жол қозғалысын бақылайтын 5 интеллектуалды жүйе Өскеменде енгізіледі

28.10.2013, 18:00 184


Жол бойындағы жазатайым оқиғалар бүгінгі таңда еліміздің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Биылғы жылдың тоғыз айында облыс көлемінде 1126 жол-көлік апатынан 134 адам қаза тапса, 1429 жол қозғалысына қатысушы әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Бұл 2012 жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғасының саны 50,7 пайызға және жарақат алғандар саны 55,7 пайызға өскенін көрсетеді. Қаза болғандар саны 13,5 пайызға төмендеген. Жол-көлік апаты соғыстан қиын болып тұр. Осыған орай жол қозғалысы қауіпсіздігінің проблемаларын білу үшін біз ШҚО ІІД Әкімшілік полициясы басқармасы бастығының орынбасары Дулат Қадесұлы Нұрсолтановты сөзге тарттық.

- Дулат Қадесұлы, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне облыс әкімдігі тарапынан көптеген көмек көрсетілуде. Соның бірі 2012 жылы қабылданған Шығыс Қазақстан облысында 2012-2014 жылдарға жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің Салалық бағдарламасының жүзеге асырылуы. Осы Бағдарлама негізінде қандай жаңа технологиялар енгізілді?
- Бағдарламаны жүзеге асыру барысындағы бір жылдың ішінде көптеген өзгерістерді тұрғындардың өздері де байқаған шығар. Қала, тіпті кейбір аудандарда 13 бағдаршам орнатылған және қажетті белгілермен жабдықталған. 57 бағдаршамдық объектілері таймерлі өлшеуішпен жабдықталған. 2013 жылы Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен Зырян, Глубокое, Катонқарағай, Абай, Көкпекті, Ұлан аудандарының көше бойында ұзындығы 33,8 шақырымды құрайтын жарық беру жүйелері орнатылды. Ағымдағы жылы тағы 9,5 шақырым жарық тартылмақ.

- Жүргіншілерді жүргіншілер өтпесінде қағып кету фактілері тіпті күнделікті орын алуда. Осы орайда қандай іс-шаралар қабылданды?
- Жүргіншілердің қатысуымен 446 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, нәтижесінде 35 адам көз жұмды, 447-і жарақат алды. Әр төртінші жағдай жүргіншінің кінәсінен болған. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі күрделі мәселелердің бірі болуда. Көлік жүргізушілері Жол жүру ережелерін бұзғандығы үшін жүргізуші куәлігінен айырылып немесе айыппұл салынатындықтан жолда аса жауапкершілікпен жүруі мүмкін, ал осы тұрғыда жаяу жүргіншінің жоғалтары аз, яғни тек қана айыппұл төлеумен шектелемін деп ойлайды. Бірақ та, бұл пайымдаулары Жол жүру ережелерін сақтамай жаяу жүргінші өткелінен емес жолдың кез келген жерінен қиып өткен кезде жол-көлік оқиғасына ұрынып жарақат алып немес өмірлерімен қош айтысқанда ғана екендіктерін түсінеді. Алайда, бұл кеш болады. Бала көргенін жасайды дегендей, ересек адамдардың осы қылықтарын қайталап, олар да апатқа ұшырайды.

Жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Бағдарлама аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Өскемен және Семей қалаларында 15000 погонды метр құрайтын көлемде тротуарлар жөндеуден өтеді, оған қоса бордюрлер аустырылады. Жыл басынан 4600 погондық метр құрайтын ұстау қоршаулары қайта орнатылса, 490 погондық метр құрайтын жүргіншілер қоршаулары орнатылды. 306 жүргіншілер өткелдері арнайы жол белгілерімен жабдықталған.
Болашақта Өскемен қаласындағы «45 дәріхана», «Дюймовочка», «Император», «Даниэль» сауда үйлерінің маңайында жер үстінен өтетін жүргіншілер жолдары салынады. Қазіргі таңда қаржыландыру мәселелері қарастырылуда.

«Құқық бұзушылықтың алдын алу» бағдарламасы аясында атқарылған іс-шаралар да аз емес. Соның бірі – мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелерімен байланыс нығая түсті. Бағдарлама аясында биылғы жылы қозғалыс жас инспекторларының облыстық слеті өткізілді. Республикалық слетте шығысқазақстандықтар бірінші орынға ие болып, келесі 2014 жылы өтетін Халықаралық слетке жолдама алды. Жол-көлік жарақатының алдын алуда облыс аумағында кең көлемде «Қауіпсіз жол», «Абайла, балалар!», «Жүргінші» және т.б. іс-шаралары жүргізілуде.

- Жүргізушілердің Жол жүру ережелерін сақтамағандықтан, жолдың қарсы жолақ бағытына шығудың, жылдамдықты арттырудың салдарынан автокөлік құралдары бетпе-бет соқтығысып жатады. Осы орайда қаңдай жаңа технологиялар енгізіледі?
- Апаттылық деңгейі жоғары 23 тұрғын бекеттердің 19-да тұрақты жылдамдық өлшеуіш орнатылды, оның екеуі «Автодория» жүйесі. Біреуі - Өскемен қаласында Бажов көшесінің «Бақтар» автобус аялдамасынан «Әуежай» учаскесіне дейін бақылауға алса, екіншісі - Ақмер кенті – Понтон көпірі учаскесі бойынша тестілеу тәртібінде жұмыс істеуде.
Облыс орталығы көше-жол жүйесінің 10 учаскесінде тұрақтандырылған жүйелер орнатылған. Осыған қосымша қараша айынан бастап жол қозғалысын бақылайтын 5 интеллектуалды жүйе енгізіледі. Олардың ерекшелігі – ішкі істер органдарының басқару орталығы басқармасының бейнебақылау жүйелелерімен бірігіп жол қозғалысы ережелері бұзушылығын тіркеу функцияларын атқарады. Жүргізушілердің жылдамдықты асыру, «тоқта» - сызығынан өтіп кету, бағдаршамның қызыл шамына өту және т.б. бұзушылықтарын анықтайды. Осы құрал арқылы тіркелген құқық бұзушылықтар бойынша көлік иесі немесе сол уақытта рульде отырған жүргізуші (растайтын құжат болған жағдайда) әкімшілік жауапқа тартылады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты мәселе Ішкі істер департаменті бастығының бақылауында. Әрбір орын алған оқиғаларға, әсіресе балалардың және жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын көлік құралдарының жүргізушілерімен болған оқиғаларға қызметтік тексерулер жүргізіледі. Апаттылықтың деңгейін төмендету – басты мәселелердің бірі. Осы жаңа әдістер арқылы жүргізушілер тәртіпке салынады.

Сұхбаттасқан Ақгүл Атудинова

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив