KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
448.89 477.93 4.76

Ұялы телефон қызметін пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды

27.10.2013, 18:00 104


Шығыс Қазақстанда ұялы телефон қызметін пайдаланған 247 адам әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық жол полициясы басқармасының аға инспекторы Айгүл Атудинованың айтуынша, бұл адамдар қалта телефонын көлік жүргізу кезінде қолданған.

Аймақта жүргізілген «Қауіпсіз жол» жедел акциясының барысында алты күн ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзған барлығы 5000-ден астам факті тіркелді.

Оның ішінде темір тұлпарларын ішімдік ішіп алып басқарған 115 мас жүргізуші көлік айдаудан шеттетілді. Жол ережесін сақтамаған 466 жаяу жүргіншіге айып салынған. Жол сақшылары жылдамдықты шамадан тыс асырған 1387 жүргізушіні құрықтады. Ал қауіпсіздік белдігін тақпаған 655 жүргізуші анықталды.

Акция шеңберінде қоғамдық көліктің қозғалысы да ерекше назарға алынды. Соның нәтижесінде қоғамдық көліктің 151 жүргізушісі, оның ішінде 98 такси жүргізушісі жауапқа тартылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив