KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Әлемнің ядрошы ғалымдары мен мамандары Семейде бас қосты

25.10.2013, 18:00 170


Ядролық физика институтында өткен «Ядролық және радиациялық физика» атты тоғызыншы халықаралық конференцияға Германия, Италия, АҚШ, Ресей сияқты әлемнің 26 елінен 200 ядрошы ғалым мен эколог маман қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жиында ЭКСПО-2017 көрмесінің маңыздылығына тоқталған Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры, ғалым Эрлан Батырбеков еліміздегі жылдам нейтронды энергияның дамуы туралы баяндады.

Радиациялық экология проблемасы да назардан тыс қалмады. Адамдардың денсаулығын түзеп, өмірін ұзартудағы ғалымдардың жаңалықтары Астана, Алматы, Қарағанды, Семей, Ақтөбе қалаларында радиациялық медицина саласын ілгеріле-туге мүмкіндік туғызып отыр.

«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының вице-президенті Сұлтан Картоевтың айтуынша, бұлардың бәрі ядролық ра-диациялық физика мен медицинаның тығыз байланыста дамуын көрсетеді.

Бұл орайда еліміздегі атом энергетикасы саласы ЭКСПО-2017 көрмесін адамзат өміріне қажетті тың жаңалықтарымен қарсы алуға дайындалу үстінде.

Раушан Нұғманбекова

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив