KZ
Өскемен
+10°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
449.58 486.94 4.86

Қайыңдыда жаңа мектеп ашылды

25.10.2013, 18:00 211


Үржар ауданы, Қайыңды ауылында заманауи үлгіде салынған екі қабатты жаңа білім ошағы оқушыларға есігін айқара ашты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Семейлік «Зәулім-Заңғар» мердігер мекемесімен 2011 жылдың қазан айында құрылысы басталған бұл мектеп сән-салтанатымен ашылғанда ауыл тұрғындарының қуанышында шек болмады.

Ғимараттың төменгі қабатында бастауыш сыныптарға арналған төрт бөлме, асхана, шеберхана және спорт залы орналасқан. Бөлмелері кең және жарық. Ауласыда әдемі. Мектеп директоры ұстаздар мен оқушыларды ұйымдастырып, есік алдына жазда іске қосылатын көркем субұрқақ пен көздің жауын алатын гүлзарлар жасапты.

Білім ұясында барлығы 97 оқушы, 22 ұстаз бар. Жаңа нысанның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі С.Зайнулдин қайыңдылықтар-ды қуаныштарымен құттықтады. Мерекелік шара барысында қарт педагог К.Елшібаева арнау өлеңін оқыса, құрылыс компаниясының өкілі Т.Құсмиланов жарқыраған тамаша ғимараттың кілтін мектеп басшысы М.Дастанұлына табыс етті.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив